379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда 7 бала минаға түсіп мерт болды

  • 156
  • UPD: 22:49, 12.05.2019
Ауғанстанда 7 бала минаға түсіп мерт болды

Ауғанстандағы Газни провинциясында 7 бала минаға түсіп, қаза тапты. Тағы 2 жеткіншек ауыр халде емханаға жеткізілді.

Қаза тапқандар 7-9 жастағы жасөспірімдер. Марқұмдардың төртеуі бір отбасының балалары. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, минаны тәліптер елдің қарулы күштеріне қарсы құрған. Қазір лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы