378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада жолаушылар ұшағы дөңгелегі ашылмаған күйі қонды

  • 133
  • UPD: 23:19, 12.05.2019

Мьянмада «Эмбраер 190» жолаушылар ұшағы әужайға апатты жағдайда қонды.

Янгон қаласынан шыққан әуе көлігінің Мандалай әуежайына жақындағанда шассиі ашылмай қалды. Экипаж амалсыз ұшақты апатты жағдайда қондыруға шешім қабылдайды. Сөйтіп, қону алаңын екі рет айналып ұшып тексеріп алып, әуежайға дөңгелексіз қонды. Бірақ ондағы 82 жолаушы дін аман. Қазір әуе көлігіндегі техникалық ақаудың пайда болу себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы