378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның Коян қаласында гүлдер көрмесі өтті

  • 118
  • UPD: 23:37, 12.05.2019

Оңтүстік Кореяның Коян қаласында түсі өзгеретін раушандар көрсетілді. Онда халықаралық гүлдер көрмесі өтті.

Шара барысында Қазақстан астанасының атауы өзгеруіне байланысты арнайы стэнд жасалды.    

Сырттан ол ақ раушан гүлдер өсірілетін қарапайым ферма болып көрінеді. Бірақ қызықтың барлығы ішінде. Фермер ұялы телефон арқылы жылыжай қызметін алыстан басқарады. Мысалы, төбесін жауып аша алады. Бұрын мұны жұмысшылар жасайтын еді. Енді шығындар азайды. Бірақ осы жылыжайлардың ерекшелігі тек жабдықтарында ғана емес, осында раушан гүлдер түсін өзгертудің технологиясын ойлап тапты.  

Бітеу гүлдерді жиырма сегіз градусқа дейін жылыту кезінде қызғылт сары түс сарыға, күлгін көгілдірге, қызғылт ақ түске өзгереді. Мұндай нәтиже олардың күлтесіне арнайы бояуды жаққанда шығады. Сиқырлы раушан жасаудың екінші тәсілі – оны түрлі-түсті сумен суару.

Им Джу Вон, фермер:

- Мұндай гүлдерді ойлап табуға бізді үлкен бәсекелестік итермеледі. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін біраз тер төктік. Бір жыл бойы зерттеу жасадық. Олар табысты болды. Қуанышымызда шек болмады. Кейін өнімдерімізді өткізу жолдарын іздедік. Раушан гүлдеріміз Жапония кәсіпкерлерін қызықтырды. Енді сол елге экспорттаймыз. Жапонияға ол бір тәуліктің ішінде жеткізіледі. Ол бізге қолайлы, өйткені гүлдеріміздің өмірі қысқа - бірнеше күн ғана, сондықтан оларды тез жеткізу қажет.      

Осы және басқа гүлдер халықаралық көрмеде паш етілді. Осында өз туындыларын әлемнің үздік флористері көрсетті. Жапониядан келген қатысушы микроскоппен ғана көруге болатын тірі гүлдерді жасап шығарды. Шараны ұйымдастырушылар Нұр-Сұлтан қаласының да бұрышын ашқан. Себебі биыл көрме екі корея арасындағы қатынастың жақсаруына арналған. Ал Қазақстан стенді арқылы ұйымдастырушылар Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы темір жолдардың қосылуы қандай нәтижеге жол ашатынын көрсетті. Яғни пойызбен Сеулден, Солтүстік Корея, Ресей, Қытай және Қазақстан арқылы Европаға дейін жетуге болады.  

Пак Ён Джун, гүлдер көрмесінің менеджері:

- Біз Қазақстан туралы ақпаратты интернетте іздеп бәйтеректі көрсету туралы шешімге келдік. Гүлден жасалған шарлар - ол планеталар. Үлкен аумағы мен ашық аспаны бар Қазақстанның әлемде өз орны бар. Аспан мен жұлдыздарды көрсету үшін ерекше түсті гүлдерді тандадық. Стендті жасаған кезде Қазақстан астанасының есімі өзгерді, сондықтан біз жазбаларды тез ауыстырдық.

Көрме тақырыбы өте өзекті. Солтүстік Кореяда зымыранды ұшыру саны өсті. Ал Коян бейбіт өміріне үміт артты. Өйткені қалаға жақын жерде Мун Чже Ин және Ким Чен Ынның алғашқы саммиті өтті. Көрме ұйымдастырушылары гүл әсемдігі бейбішілікті сақтайды деп сенеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы