378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Мексикамен шекараны қорғауды жалғастырады

  • 78
  • UPD: 08:02, 13.05.2019
АҚШ Мексикамен шекараны қорғауды жалғастырады Известия

АҚШ-тың қорғаныс министрілігі Мексикамен шекараны қорғауды жалғастыра береді.

Бірақ ішкі қауіпсіздік министрілігі оны бақылауды көп ұзатпай өзіне алуы тиіс. Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Патрик Шанахан көрші елмен шекара маңына сапары барысында осылай деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Пентагон заңсыз мигранттармен күрес туралы «Сенімді патриот» операциясын өткен жылы күзде бастаған. Мақсат – АҚШ аумағына бет алған мигранттар легін тоқтату. Қазір екі елдің шекарасында 4 жарым мыңға жуық жауынгер бар. Олар шекара қызметіне көмектесумен айналысады. 

Хабар 24 телеарнасы