378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Литвада президенттік сайлаудың екінші туры өтеді

  • 83
  • UPD: 08:04, 13.05.2019
Литвада президенттік сайлаудың екінші туры өтеді Народна правда

Литвада президенттік сайлаудың бірінші турында үміткерлердің біреуі де 51 пайыз дауыс жинай алмағандықтан, саяси доданың екінші туры өтетін болды.

Сайлау қорытындысы бойынша келесі кезеңге 31,52% дауыс жинаған экономист Гитинас Науседа мен елдің бұрынғы қаржы министрі Ингрида Шимоните өтті. Оған сайлаушылардың 26,76%-ы ғана дауыс берген. Үшінші орында елдің қазіргі премьер-министрі Саулюс СквернЯлис тұр. Жергілікті заң бойынша сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткер 51 пайыздан артық дауыс жинауы керек. Кері жағдайда ең көп дауыс жинаған екі үміткер саяси доданың екінші турына өтеді. Енді халықтың келесі таңдауы мамырдың 26-сына түсіп тұр.  

Хабар 24 телеарнасы