378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық түлектер басты емтиханға қалай дайындалады

  • 113
  • UPD: 15:29, 13.05.2019

Ұлттық бірыңғай тестілеудың баламасы Оңтүстік Кореяда да бар, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол өте маңызды деп есептеледі, өйткені шара адам тағдырын анықтауы мүмкін. Сондықтан оған дайындық бірнеше жыл өтеді. Оқушылар кешке дейін сабақтан тыс оқуға мәжбүр.

Оңтүстік Кореяда жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін емтихан жылына бір рет, қараша айында өткізіледі. Өйткені осы елде оқу жылы наурызда басталады. Мұндағы оқушылар алтыншы сыныпқа дейін бастауыш мектепте оқиды. Кейін тоғызыншы сыныпқа дейін орта мектепте білім алады. Ал 9-12 сыныптар жоғары мектеп деп аталады. Оның дәрежесі колледжбен пара-пар. Орта мектеп оқушысы Ким Су Джонның емтихан тапсыруға әлі үш жыл уақыты бар, бірақ ол дайындықты алдын ала бастап кетті.

Ким Су Джон, Сеул қ. орта мектеп оқушысы:

- Университетке түсу үшін маған әуелі жоғары мектепке өту керек. Олар қарапайым және мамандырылған болып екіге бөлінеді. Мен екіншісін, яғни шет тілін тереңдетіп оқытатын мектепті таңдадым. Өйткені оны бітіргеннен кейін университетке түсу оңай. Мен он сабақтан қорытынды емтихан тапсыруға тиіспін. Олардың ішінде – этика, корей және ағылшын тілдері, математика, қоғамтану мен ғылым пәндері бар.

Түлектер сынақ тапсырар сәтте олармен бірге жақындары да ілесіп келіп барынша қолдау көрсетеді. Сол күні қалада жол қозғалысы шектеледі. Емтихан таңғы сегізден кешкі сағат беске дейін жалғасады. Үміткерлер тестілеуде неғұрлым көп балл жинаса, университетке түсу мүмкіндігі де соғұрлым көп болады.

Ким Су Джон, Сеул қ. орта мектеп оқушысы:

- Университетке түсу кезінде емтихан нәтижелерімен бірге мектеп ішіндегі түрлі жарыстар мен байқауларға қатысу көрсеткіші, тіпті оқылған кітаптардың саны да ескеріледі. Әр шаһарда жақсы университеттер бар. Десе де Сеул, Пусан және Тэджон қалаларындағы жоғары оқу орындарына түсу кез келген түлектің арманы. Әрине, іріктеуден өту оңай емес. Өзіме келсем, әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын.

Негізгі емтиханнан құлау жастар үшін оңай соқпайды. Оңтүстік Кореядағы суицидтердің негізгі себебі де осы. Сунынды бірнеше жыл қатарынан қайталап тапсыруға болады. Бірақ университет дипломы мықты компанияларда қызмет жасауға жол ашпайды. Оны да ескеру керек.

Айта кетейік, биыл елде жұмыссыздық деңгейі төрт жарым пайызға жетті. Яғни бір миллион екі жүз мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы