378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда университетте оқығысы келетіндер A-Level курсын тәмамдауы тиіс

  • 122
  • UPD: 15:29, 13.05.2019

Ұлыбританияда 16-ға толған жасөспірімдер орта білім алғаннан кейін жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ал университетке түскісі келсе мектептегі оқуды жалғастырып, A-Level курсын тәмамдауы тиіс. Кейін арнайы емтихан арқылы жоғары оқу орнына қабылданады.

Боттишам Вилладж колледжінің жоғары сынып оқушылары қазір шеберлік сабағына қатысып жатыр. Олар британиялықтардың дәстүрлі тағамын пісірумен әлек. Іске білек сыбана кіріскенімен, болашақтарын аспаздықпен байланыстырғылары жоқ.

Субтитр Скарлет Бэли, Боттишам Вилладж колледжінің оқушысы:

- Мен әлі толық шешім қабылдаған жоқпын. Бизнес не қаржы саласына кеткім келеді. Маған өзім оқитын мектеп ұнайды. Мұнда тәжірибелік пәндер өте көп.

Орта білім туралы жалпы сертификатқа ие болғаннан кейін 9 сынып оқушысы мамандандырылған білім алуға немесе өндірістік іс-тәжірибеден өтуіне болады. Бірақ университетте оқығысы келсе, мектепте қалып A-Level курсын тәмамдауы шарт. Курс барысында оқушы болашақ мамандығына сай 3-4 пәнді таңдап, жақсы нәтиже көрсетуі тиіс.

Субтитр Джени Ренкин, Боттишам Вилладж колледжінің директоры:

- Қазіргі қоғамда мұғалімдердің рөлі зор. Өйткені оқушылар оларды көбіне үлгі тұтады. Балалардың өмірде өз орнын табуына көмектесу біздің басты міндетіміз.

ҰБТ-ның британиялық нұсқасы A-Level -ге шамамен 70 жыл. Үміткер емтихан сұрақтарына жазбаша түрде кеңейтілген нұсқада жауап бере білуі керек. Оның қорытындысын бүгінде тек Ұлыбритания ғана емес, бүкіл әлем университеттері мойындайды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы