379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда алып көк балықты аулаудың ежелгі әдісі сақталған

  • 59
  • UPD: 10:41, 13.05.2019
Испанияда алып көк балықты аулаудың ежелгі әдісі сақталған

Испан балықшылары алып көк балықты аулаудың 3 мың жыл бұрынғы тәсілін әлі күнге дейін қолданады.

Кадис қаласына жақын Гибралтар бұғазында үлкен тор құрып, осы балықтың көшкенін күтеді. Жергілікті тілде оны «Альмадраба уақыты» деп атайды. Көк балықтар тобырымен торға түскенде кемелерімен қоршауға алады. Содан сүңгушілер балықтарды өлтіріп, құйрықтарын байлап кемеге көтереді. Балықшылардың айтуынша, бұл өте тиімді әдіс. Себебі, алып көк балықтар көшкен кезде семіз болады. Бұрындары испандықтар ұстаған балықтарының 90 пайызын Жапонияға сататын. Қазір Күншығыс еліне тек жартысын аттандырады.

Ана Сантос, зерттеуші:

- Бұл тәсіл алып көк балықтардың орын ауыстыру кезінде қолданылады. Қыс айларын бұл балық Атлантикада өткізеді. Бірнеше мың метрге сүңгіп қоректенеді. Ал мамыр айында Атлант мұхитынан Гибралтар бұғазы арқылы Жерорта теңізіне оралады.

Хабар 24 телеарнасы