378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда қонақ үйге жасалған шабуылдан 5 адам қаза тапты

  • 84
  • UPD: 10:46, 13.05.2019
Пәкістанда қонақ үйге жасалған шабуылдан 5 адам қаза тапты BreakingNews.ie

Пәкістанда қаруланған бір топ лаңкес 5 жұлдызды қонақ үйге баса көктеп кіріп, жан-жағына бей-берекет оқ жаудырған.

Оқиға Белуджистан провинциясында болды. Шабуылдан 5 адам қаза тапты. Олардың біреуі әскери болса, қалғандары қонақ үй қызметкерлері. Тағы алты адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, шабуыл жасаған 3 лаңкестің де көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы