389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда әскерилер зейнетақының қысқаруына наразы

  • 270
  • UPD: 13:24, 13.05.2019
Ливанда әскерилер зейнетақының қысқаруына наразы

Ливанның Бейрут қаласындағы Орталық банк ғимаратының алдында отставкаға кеткен шамамен 100 әскери наразылық акциясына шықты.

Жиналғандар билікке әскерилердің зейнетақысын қысқарту туралы шешімінен бас тартуды талап етті. Наразылар ғимараттың үш есігін де қоршап алып, қызметкерлерді мекемеге кіргізбеген. 

Естеріңізге салайық, жуырда қаржы дағдарысына ұшыраған Ливан үкіметі Дүниежүзілік банктен несие алу үшін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен зейнетақысын қысқарту керек деген шешім қабылдаған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы