378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық аналар мерекесі Киевте ерекше аталып өтті

  • 80
  • UPD: 14:30, 13.05.2019

Бұл күні «Спорт және жанұя» деген ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, спорт шеберлері ата-аналарға денсаулық туралы дәріс оқыды.

Ең қызығы, шара аясында жүгіру марафоны ұйымдастырылып, оған 1-ден 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер де қатысты.

Украиналық Лайвич әулеті спортқа ешқашан немқұрайлы қараған емес. Және «спорт жас талғамайды», – дейді олар. Бүгінгі жүгіру марафонына олар 2 жасар Элиза деген қызы мен төрт жасар Давидін ертіп келген. «Аналар мерекесін жанұямызбен жүгіру арқылы атап өткізіміз келді», – дейді олар.

Виктория Лайвич, Киев қаласының тұрғыны:

- Жанұямызбен спортқа ерекше көңіл бөлеміз. Ұлымыз жүзеді, футболға да барады, ролик тебуді меңгерген. Бүгін бірінші рет жүгіруге келдік, әзірше 50 метр, әкесімен бірге қатысады. 

Роман Лайвич, Киев қаласының тұрғыны:

- Спорт деген ең алдымен балаларды ғана емес, олардың ата-анасын да тәртіпке бағынуға үйретеді. Сондықтан біз мұндай марафонға белсенді түрде қатысамыз. 

Марафон алдындағы дайындық қыза түскен. Ең қызығы, бүгінгі «Спорт және жанұя» шарасынан 1 мен 5 жасар аралығындағы бүлдіршіндерді көптеп көруге болады. Жеңіл атлетикадан спорт шебері, бапкер Наталия Лебедева «спорт бар үйде дәріге орын жоқ» дегенді айтады, бүгін ол ата-аналарға денсаулық туралы дәріс оқыды.

Наталия Лебедева, жеңіл атлетикадан спорт шебері, бапкер:

- Балаларды жас кезінен спорттық үйірмелерге әкеп, бейімдеу үшін олардың ата-анасына спорттың маңызын айтып жеткізу керек. Мұндай жүгіру марафоны саламатты өмір салтын дәріптеп, оны жарналамауға таптырмас мүмкіндік.

Елена Ханчанова, «Спорт және жанұя» шарасын ұйымдастырушы:

- Жүгіру марафоны арқылы қайырымдылық  шарасын ұйымдастырып, балалар кардиоорталығына қаржы жинап бергіміз келеді. Қаражат емдеу мекемесіне аса қажет медициналық құралдарды сатып алуға жұмсалады.

26 мамыр күні Киевте жалпыхалықтық «Каштан ағашы түбіндегі жүгіру марафоны» ұйымдастырылмақ. Оған Украинадағы қазақ диаспорасы мен дипмиссия өкілдері қатыспақ. Ал бүгінгі «Спорт және жанұя» іс-шарасы – алып марафон алдындағы дайындық. Мамырдағы марафонға 16 мыңнан астам адам қатысып, қайырымдылық мақсатында 2 млн гривень, яғни 76 мың АҚШ долларын жинау жоспарда тұр. 

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы