379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «Фани» циклонынан 64 адам қаза тапты

  • 95
Үндістанда «Фани» циклонынан 64 адам қаза тапты

Үндістанның Орисса штатында ойран салған «Фани» тропикалық циклонынан қаза тапқандардың саны 64-ке жетті.

Сонымен қатар долы дауылдан 43 адам жарақат алды. Табиғат апатынан Пури қаласы ең көп зардап шеккен. Құтқарушылар бұл қалада мерт болған 18 адамның денесін тапты. Қазір әскерилер зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әзірге табиғат апатынан келген шығын мөлшері анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы