389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезиядағы сайлау: дауыс санап зорыққан 500 адам көз жұмды

  • 438
  • UPD: 15:21, 13.05.2019
Индонезиядағы сайлау: дауыс санап зорыққан 500 адам көз жұмды

Индонезияда дауыс санаудан зорыққан сайлау комиссиясының 500-ден астам мүшесі жан тапсырды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың басым бөлігі инсульт пен инфаркттан қаза тапқан. Бұған дейін әбден қиналып, әлсіреп қалғандықтан 2 жарым мың адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге салайық, сәуірдің 17-сі Индонезияда ең үлкен сайлау өтті. Ел тұрғындары президенттен тыс екі палатаның депутаттарын, сонымен қатар жергілікті заң шығарушыларды сайлаған. Дауыс беруге 193 млн сайлаушының 80 пайызы келді. Әр адам 5 бюллетеньді толтыруы керек болатын. Барлық бюллетень қолмен саналып жатыр. Саяси додаға қатысқан 240 мың кандидат 20 мың орынға таласты. Ал дауыс сана мамырдың 22-сіне дейін жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы