378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жеке кәсіп ашу үшін небәрі 1 күн кетеді

  • 89
  • UPD: 12:14, 14.05.2019

Израильде шағын бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлініп жүр. Елде жеке кәсіпорынды ашу өте оңай, бұған тек бір күн уақыт кетеді.

Cондай-ақ шағын кәсіпкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау мәселелері де бар.

Игорь мен Катя Израильге осыдан 3 жыл бұрын қоныс аударды. Осы аралықта карамель шығаратын шағын бизнесін ашып үлгерген. Кәмпит, мармелад, желені өз шеберханасында дайындайды.

Игорь Левитан, кәсіпкер:

- Біздің басты ерекшелігіміз - ішінде суреті бар кәмпиттерді жасаймыз. Фирмалар мен компаниялар бұған тапсырыс береді. Кәмпиттерімізге жазу жаза аламыз. Мынау мысалға маген-давид. Тап осылай карамель ішіне біреудің атын, немесе компания логотипын салуға болады.

Кәсібі дамып келеді. Дегенмен басты табысын кәмпит сатудан емес, балалар мен ересектер үшін өткізетін шеберлік сыныптарынан тауып жүр. Бұл жұрт сүйсінетін ермекке айналған. Өздері карамель дайындап, қалаған пішінін жасайды.

Кәсіп ашуда еш қиындық болмады. Мемлекет шағын бизнеске аса қолдау көрсетіп жүрген жоқ, бірақ кедергі де жасамайды. Ең бастысы салықты уақытылы төлесең болғаны. Ешкім ретсіз тексеру немес шектен тыс бақылаумен қинамайды.

Игорь Левитан, кәсіпкер:

- Әрине рұқсат қағаздарды алып жүрдік. Бір жақсы жері, бизнес ашу жөнінде арыз берген сәттен бастап-ақ жұмыс істей аласың. Қашан тексеретінін реттеуші органдардың өздері біледі, кейбіреуі жарты жыл бойы келмей жүрген. Яғни кінәсіздік презумпциясы бар. Егер кемшіліктерін тапса, ескерту жазып, оны 3 ай немесе жарты жылда түзетуің керек.

Израиль экономикасының негізін шағын бизнес құрайды. Бұл салада 9 миллион халқы бар елдің 2 миллионнан астамы еңбек етіп жүр. Дені қызмет көрсетумен айналысатын мекемелер. Қызметкерлер саны төрттен аспайтын 200 мыңдай кәсіпорын бар. Соңғы кезде ел билігі шағын кәсіпкерлердің әлеуметтік жағдайына назар аудара бастады. Олар өздері зейнетақысына қаражат жинап, сақтандыру жарналарын төлеуге тиіс. Бұл мәселені қазір үкіметте қарастырып отыр. 

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы