378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда терактіден 4 әскери қаза тапты

  • 78
  • UPD: 12:38, 14.05.2019
Пәкістанда терактіден 4 әскери қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік батысындағы Кветт қаласында жойқын жарылыс болды. Лаңкестік әрекеттен 4 әскери қаза тапты.

Тағы 10-нан астам тұрғын жарақат алды. Оқиға Белуджистан провинциясындағы адамдар көп шоғырланатын жерінде орын алған. Бұл жердің инфрақұрылымын дамыту үшін Қытай елі миллиардтаған қаржы құйған болатын. Белгілі болғандай жарылғыш зат полиция көлігінің жанында тұрған мотоциклге орнатылып, қашықтан басқарылған. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы Талибан террорлық тобы өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы