379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО елдері бірлескен іс-қимылдар жоспарын талқылады

  • 131
  • UPD: 16:47, 14.05.2019
ЕО елдері бірлескен іс-қимылдар жоспарын талқылады Утро

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға Иранның ядролық бағдарламасы аясындағы шиеленісті күшейтпеу керек деген ұсыныс жасады.

Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини хабарлады. Сонымен қатар Могерини Тегеран барлық шарттарды орындап жатса, ядролық келісімді барынша қолдайтынын айтты.

Федерика Могерини, ЕО-тың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары:

- Еуроодақ елдерінің барлық сыртқы істер министрлері өңірдегі әскери шиеленістің болдырмауын қалайды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осыны жақсы түсінді деп ойлаймын. Біз әлі де Иранның ядролық бағдарламасы аясындағы барлық міндеттемелерін атқаруын құп көреміз. Біздің тарапымыздан да тиісті іс-әрекеттер жасалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы