378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты

  • 111
АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты Vesty

Аляскада бортында туристер болған гидроұшақтар соғысты.

АҚШ жағалау күзетінің хабарлауынша, апаттан төрт адам қаза тапқан. Тағы екі турист іс-түзсіз жоғалған. Оқиға Кетчикан қаласының  қаласының маңында орын алды. Бір ұшақтың бортында 11, екіншісінде 5 турист болған. Алғашқы ұшақтың 10 жолаушысы аман қалып, ауруханаға жеткізілді. Екі әуе көлігі де «Ройал Принцесс» круиздік лайнерінің туристерін алып, танымал «Тұманды фьорд» қорығының экскурсиясына шыққан. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі анықталмады. Тергеу амалдары басталып кетті. Құтқару-іздестіру жұмыстарына тікұшақтар, жергілікті жағалау күзеті және еріктілер тартылды.

Хабар 24 телеарнасы