378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аляскада бортында туристері бар ұшақтар соқтығысты

  • 51
  • UPD: 07:18, 15.05.2019
Аляскада бортында туристері бар ұшақтар соқтығысты tvzvezda.ru

Аляскада бортында туристер болған гидроұшақтар соғысты.

АҚШ Жағалау күзетінің хабарлауынша, апаттан төрт адам қаза тапқан. Тағы екі турист іс-түзсіз жоғалған. Оқиға Кетчикан қаласының маңында орын алды. Бір ұшақтың бортында 11, екіншісінде 5 турист болған. Алғашқы ұшақтың 10 жолаушысы аман қалып, ауруханаға жеткізілді.  Екі әуе көлігі де «Ройал Принцесс» круиздік лайнерінің туристерін алып, танымал «Тұманды фьорд» қорығына экскурсияға шыққан екен. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі анықталмады. Тергеу амалдары басталып кетті. Құтқару-іздестіру жұмыстарына тікұшақтар, жергілікті жағалау күзеті және еріктілер тартылды.

Хабар 24 телеарнасы