378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мариан шұңғымасының түбінен пластик қалдықтары табылды

  • 68
Мариан шұңғымасының түбінен пластик қалдықтары табылды

Американдық ғалым Виктор Весково батискафпен Тынық мұхитының 11 шақырым тереңдігіне түсіп, Мариан шұңғымасына дейін жеткен.

Зерттеу жұмыстары 4 сағатқа дейін жалғасты. Ол онда 4 түрлі теңіз жануарын кездестірді. Айтуынша, әсіресе теңіздегі 8 шақырым тереңдікте жүрген қызғылт ұлу мен қасықша тәрізді құрт таң қалдырған. «Ал Мариан шұңғымасында пластик қалдықтарының табылуы тіпті күтпеген жағдай болды», – дейді ғалым.

Хабар 24 телеарнасы