389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Владимир Путинмен кездесті

  • 269
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Владимир Путинмен кездесті

Сочиде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Президент Владимир Путинмен кездесті.

АҚШ Сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдымен ресейлік әріптесімен жүздесті. Басқосуда тараптар екіжақты қатынас пен қару-жарақты бақылау және халықаралық мәселелерді талқылады. Лавров кездесу соңында Помпеомен екіжақты байланысты жақсартуға бағытталған нақты шаралар туралы келіскенін мәлімдеді. Осы басқосудан соң Майк Помпео президент Путинмен жүздесті. Кездесу 1 жарым сағатқа созылды. Бұл басқосуда да тараптар екіжақты қатынас пен Таяу Шығыс, Украина, Венесуэла, Солтүстік Корея сынды өзекті мәселелерді сөз етті.

Владимир Путин, РФ президенті:

– Мен бірер күн бұрын Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлестім. Әңгімеден президент мырзаның екіжақты қатынасты қалпына келтіріп, өзекті мәселелерді шешуге ниетті екенін ұқтым. Біз де бұған дейін арадағы байланысты толықтай қалпына келтіруді қалайтынымызды айтқанбыз.

Майк Помпео, Ақш мемлекеттік хатшысы:

– Бүгінгі келіссөздер жемісті болды. Кей мәселе бойынша келіспеушілік бар. Бірақ екі мемлекеттің мүдделері қайшы келмейтін тұстар да жетерлік. Президент Трамп та осындай негіздерге сүйеніп, қатынасты дамытуды қалайды. Алайда біз де сіздер сияқты әрқашанда өз ұлтымыздың мүддесін қорғай береміз. Дегенмен ынтымақтастықтан екі мемлекет те ұтар еді.

Хабар 24 телеарнасы