378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда атысты тоқтату бітімі қайта бұзылды

  • 84
Сирияда атысты тоқтату бітімі қайта бұзылды

Сирияда Асад режимі мен жақтаушы террористік топтар атыс-шабысты тоқтату бітіміне қарамастан жазықсыз ауылдарды нысанаға алып жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкестер Латакия мен Хама провинциясында 9 елді мекенге шабуыл жасаған. Үкімет әскері Хама провинциясындағы әуе-айлақ пен 3 ауылды «Джебхат ан-Нусра» тобының бақылауынан азат етті. Естеріңізге салайық, Сирияның Үкімет әскері мамырдың 6-сы күні Хаманың солтүстік аймағын заңсыз қаруланған топтардан босату операциясын бастаған болатын. БҰҰ-ның мәліметін сәйкес, осы уақыт аралығында қарсылас топтардың қақтығысы салдарынан 150-ден астам адам мерт болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Хабар 24 телеарнасы