378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада қауіпсіздік қызметі депутаттарды парламентке кіргізбей қойды

  • 82
Венесуэлада қауіпсіздік қызметі депутаттарды парламентке кіргізбей қойды

Венесуэлада қауіпсіздік күштері оппозициялық парламентті қоршап, оған депутаттарды кіргізбей қойды.

Оқиға Ұлттық Ассамблея отырысы басталар алдында орын алды. Полиция ғимаратта жарылғыш зат жасырынғаны туралы ақпар түскенін айтып, оны қарап шықты. Бірақ ешқандай бомба табылған жоқ Ал оппозиция бұл әрекет депутаттардың жұмысына кедергі келтіру үшін ұйымдастырылғанын айтады. Себебі парламент өткен аптада тұтынға алынған Ассамблеяның вице-спикері Эдгар Самбраноға қатысты жағдайды талқыламақ болған. Ал Хуан Гуайдо билік Ұлттық Ассамблеяны қорқытып, оны таратуды көздеп отыр деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы