378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада экологиялық төтенше жағдай жарияланды

  • 113
Мексикада экологиялық төтенше жағдай жарияланды

Мехико билігі шаһарда ауаның ластануына байланысты экологиялық төтенше жағдай жариялады.

Қоршаған ортаны қорғау комиссиясының мәліметі бойынша, қазір ауаның ластану деңгейінің индексі жоғары көрсеткіштен де асып тұр. Эколог мамандарының айтуынша, бұған аймақтағы орман өрті мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға ашық аспан астында спортпен шұғылданбауға және мүмкіндігінше серуендемеуге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы