378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран ядролық келісімді орындауды тоқтатты

  • 99
  • UPD: 16:34, 15.05.2019
Иран ядролық келісімді орындауды тоқтатты

Иран тарапы ядролық келісімнің шарттарын орындауды тоқтатты. Енді мемлекет уранды байыту жұмыстарын қайта бастап, шикізатты шетелге сатуы мүмкін.

Вашингтонның ортақ келісімнен шығып, Иранға қарсы біржақты санкция салуының салдары осыған әкелді. Бұған дейін Тегеранмен келісімде қалған өзге мемлекеттер Америка санкциясына қарсы тұрып немесе санкцияны айналып өту механизмін ойластырмаса құжатта көрсетілген кейбір шарттарды орындамайтындығын айтқан еді. Иран билігінің пікірінше,  Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей елдері бұл мәселені көп созбай шешуі тиіс. Айта кетейік, құжатқа сай АҚШ санкция салуын тоқтатса Тегеран ядролық бағдарламасын күшейтпеуге келіскен еді.

Хабар 24 телеарнасы