378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалдық азамат Эверестті 23 рет бағындырып, әлемдік рекорд орнатты

  • 118
  • UPD: 17:21, 15.05.2019
Непалдық азамат Эверестті 23 рет бағындырып, әлемдік рекорд орнатты Kyodo

Гималайда тіршілік кешіп жатқан непалдық шерп ұлтының өкілі өмірінде 23 рет Жердің ең биік нүктесі - Джомолунгма шыңына шығып (Эверест), әлемдік рекорд орнатты.

Бұл туралы Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Аталып өтілгендей, 49 жастағы шерп Ками Рита Эвересті кезекті рет бағындырып, бір жыл бұрын орнатқан рекордын жаңартты. Жергілікті билік оның биіктігі 8848 метрді құрайтын Джомолунгма шыңына 07:50 минутта шыққандығын мәлімдеді.

Ками Рита мұның алдында бұл тауға 2018 жылдың 16 мамырында көтерілген еді.

Хабар 24 телеарнасы