378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия парламентінде террористер адамды кепілге алуға әрекет жасады

  • 108
  • UPD: 17:59, 15.05.2019
Түркия парламентінде террористер адамды кепілге алуға әрекет жасады

DHKP-C әсіре солшыл террорлық ұйымының екі содыры Түркия парламенті күзет қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болған.

Лаңкестер, соның ішінде бір әйел депутаттардың бірімен кездесетінін айтып, парламент ғимаратына кіруге әрекеттенген. Кіреберісте оны полицей тоқтатқан, осыдан кейін терроршылар қауіпсіздік қызметінің қызметкерін кепілге алмақ болады. Лаңкестерді полицейлер тұтқындады. Қолға түскендердің DHKP-C террористік ұйымына қатысы бары анықталды. Тергеу жүріп жатыр.

Anadolu

Хабар 24 телеарнасы