378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқан түбегіндегі бірнеше елді топан су басты

  • 93
  • UPD: 20:19, 15.05.2019
Балқан түбегіндегі бірнеше елді топан су басты

Бұрынғы Югославия аумағында өзендер арнасынан тасыды. Босния, Герцеговина, Хорватия және Сербияның бірқатар өңірлері су астында қалған.

Билік өкілдері қауіп төніп тұрған қала, ауыл тұрғындарын шұғыл әрі жаппай эвакуациялап жатыр. Босния әкімшілігі елдің бірнеше ауданында төтенше жағдай жариялады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйлердің басым бөлігін су басқан. Әзірге жаппа шеккендер туралы нақты ақпар жоқ. Тек, бір баланың із-түссіз жоғалып кеткені мәлім.

Хабар 24 телеарнасы