378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясының мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды

  • 89
  • UPD: 07:52, 16.05.2019
Сауд Арабиясының мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының орталық мұнай құбырына дрондармен жасалған шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған.

Олар қастандықты мойындады. Сондай-ақ хуситтердің өкілі Йемендегі азаматтық соғыстан Сауд Арабиясы шықпаса, шабуылдың жалғасатындығын мәлімдеді. Айта кетейік, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтылар шамасында корольдіктің шығысында орналасқан мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды. Эр-Рияд шабуылды лаңкестік деп бағалап, оған Йемендегі хуситтердің қатысы болуы мүмкін деген еді. Осыдан үш күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық аймағында 4 танкерге қастандық жасалғаны тағы бар.

Хабар 24 телеарнасы