389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада жол апатынан 4 адам жарақат алды

  • 333
  • UPD: 11:35, 16.05.2019
Польшада жол апатынан 4 адам жарақат алды

Польшаның Сокулка қаласында ірі жол апаты орын алды.

Жолда бір-бірімен соқтығысып қалған екі жеңіл көлікке өрт сөндіруші машина соғылып, кейін тұрғын үйдің қабырғасын қағып өткен. Апаттан жарақат алған 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 3 өрт сөндіруші мен 1 жеңіл көліктің жүргізушісі бар. Әзірге науқастардың жағдайы белгісіз. Ал оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы