378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шанхайда фабрика ғимараты опырылып түсті

  • 96
  • UPD: 15:33, 16.05.2019
Шанхайда фабрика ғимараты опырылып түсті

Шанхайда ғимарат құлап, үйінділер астынан 17 адам құтқарылды.

Апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТАСС Пэнпай агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Чаннин ауданындағы Чжаохуа көшесінде болған. Жөнделіп жатқан фабрика ғимаратының төбесі құлап түскен. Қазіргі уақытта себебі анықтауда. Нәтижесінде үйінді астында жұмысшылар қалып қойған.

Әзірге үйінді астында нақты қанша адам қалғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Сондай-ақ құтқарылғандардың жағдайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы