378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада В.Зеленскийді ұлықтау күні бекітілді

  • 287
Украинада В.Зеленскийді ұлықтау күні бекітілді Крым.Реалии

Украинада жаңа сайланған президент Владимир Зеленскийді ұлықтау мамырдың 20-сы күні өтетін болды.

Елдің Жоғарғы Радасы осындай шешім қабылдады. Ұсынысты депутаттардың 315-і қолдап дауыс берді. Ал Зеленскийдің өзі салтанатты рәсімді мамырдың 19-ы күні өткізуді қалаған еді. Бірақ депутаттар бұл саяси қуғын-сүргін күнімен сәйкес келетінін айтып, оған қарсы шықты. Еске сала кетейік, Украинада сәуірдің 21-і күні президенттік сайлаудың екінші туры өтіп, Владимир Зеленский айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Ол сайлаушылардың 73 пайыз дауысын жинаса, Петр Порошенко азаматтардың тек 24 қолдауына ие болған еді.

Хабар 24 телеарнасы