378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы Йеменге әуеден жойқын соққы жасады

  • 114
  • UPD: 07:33, 17.05.2019
Сауд Арабиясы Йеменге әуеден жойқын соққы жасады

Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдер Йемен астанасы Санаға әуеден соққы беріп, бір отбасының 6 мүшесі қаза тапты.

Ұшақтар шиит бүлікшілерінің әскери нысандарын атқылаған. Алайда бомбаның бірі 4 қабатты тұрғын үйге түсті. Шабуыл бірер күн бұрын шиит бүлікшілері Сауд Арабиясының орталық мұнай құбырын атқылаған соң жүзеге асырылып отыр. Ол кезде шииттер Сауд Арабиясының шығысындағы мұнай құбырларын дрондармен шабуылдаған еді. Салдарынан бір станцияда өрт шығып, «Сауди Арамко» компаниясы өз жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы