379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия экологтары тропикалық ормандарға қатысты алаңдаулы

  • 66
  • UPD: 08:47, 17.05.2019

Тропикалық ормандардың тағдырына алаңдаған бразилиялық экологтар дабыл қағуда.

Орманды алқаптарды отаудан келген шығынды санаған олар жаға ұстатар мәліметті жариялады. Тек былтырғы жылы оталған орман шығыны соңғы онжылдықтағы көрсеткіштен асып түскен. Осыған байланысты жасыл желекті қорғаушылар Бразилия көшелеріне ереуілге шықты. 

Бразилия экологтарының алаңдауына негіз бар. Мамандар кезекті талдау жүргізілгеннен кейін ғана тек 2018 жылдың өзінде Бразилияда 15 мың шаршы шақырым тропикалық орманның жойылғанын байқаған. Бұған оқыс өрт қана емес, ұлттық парктер аумағында ағаштардың оталуы да себеп.

Даниел Де Ла Калле Жебеле, эколог:

- 2017 жылмен салыстырғанда оталған ормандардың ауданы 70 процентке азайған. Бірақ бұл жерде ескеретін жайт бұрнағы жылы ормандар аптап ыстықтың салдарынан отқа оранған. Ал, 2018 жылы ағаштың сиреуіне адамдардың өздері себепші. Ірі коммерциялық компаниялар жерлерді сатып алып, өндіріс орындарын немесе ойын-сауық орталықтарын құру үшін ағаш атаулыны кесіп жатыр.

Ариэль Анибал Оливейра​, журналист:

- Орманды қорғау оңайға түспей тұр. Үкіметтен ешқандай қолдау жоқ. Бұл бәлкім жаңадан тағайындалған Президенттің ішкі мәселеге енді ғана араласа басатуынан шығар. Ал бұқаралық ақпарат көздері Жаир Болсанару экологиялық заңды бұзғандарды кешіру жөнінде арнайы орган құруға бұйрық берген деседі.

Оған қоса Бразилия үкіметі кәсіпкерлерді көбірек шикізат өндіруге ынталандырып отыр. Атап айтқанда, Амазонка бассейні аумағын игеруге рұқсат берген. Ал бұл аймақ ежелгі тайпалардың мекені. Осы тайпалардың жойылып кету қаупіне қарамастан, мемлекет аймақты экономикалық тұрғыда дамытуды көздейді. Алайда шенеуніктердің бұл ойын халық қолдамайды. Тіпті көшеге шығып, наразылық білдіріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, ормандардың жойылуы оңтүстік америка елінің экожүйесіне нұқсан келтіреді. Амазонияның 60 проценті  тропикалық орманды алқап. Бұл аймақтағы жасыл желек көмірқышқыл газын  сіңіріп, жаһандық климаттың тепе-теңдігін сақтауға орасан үлесін қосады.

Авторлары: Анна Орлова и Герберт Рейз

Хабар 24 телеарнасы