389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде су тасқынынан 15 адам қаза тапты

  • 296
  • UPD: 10:54, 17.05.2019
Малиде су тасқынынан 15 адам қаза тапты

Мали астанасы Бамакода толассыз жауған жауын тасқынға ұласты. Табиғат апатынан 15 тұрғын мерт болды.

Қаза тапқандардың көбі құлаған көпірдің астында қалған. Жарақат алғандар да бар. Алайда олардың нақты саны әлі белгісіз. Шаһарда жолдар мен ғимараттар топан су астында қалды. Құтқарушылар болса адамдарды эвакуациялап жатыр. Ал мамандар апаттан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы