389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Эйфель мұнарасының 130 жылдығы атап өтілді

  • 247
  • UPD: 11:36, 17.05.2019
Парижде Эйфель мұнарасының 130 жылдығы атап өтілді

Әлемге әйгілі сәулет құрылысының мерейтойына орай түрлі салтанатты шара ұйымдастырылды.

Алдымен 1300 бүлдіршін 19-шы ғасырдағы киімдерді киіп мұнараны толтырса, кешкісін әсем отшашулар шоуы болды. Айта кетейік, биіктігі 324 метр болатын Эйфель мұнарасын инженер Гюстав Эйфель 1889-шы жылы Дүниежүзілік көрмеге орайластырып салған болатын. Сол дәуірдегі техникалық әлеуетті көрсетуді мақсат еткен сәулет құрылысы 2 жылдан астам уақыт тұрғызылды. Бастапқыда шаһар тұрғындары мұнараны ұнатпады да. Бірақ уақыт өте келе ол елдің басты символының біріне айналды.

Хабар 24 телеарнасы