379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суретші Джефф Кунстың «Көжек» мүсіні 91 млн 100 мың долларға сатылды

  • 80
  • UPD: 12:01, 17.05.2019
Суретші Джефф Кунстың «Көжек» мүсіні 91 млн 100 мың долларға сатылды

Америкалық суретші Джефф Кунстың «Көжек» деп аталатын мүсіні аукционда 91 миллион 100 мың долларға сатылды.

Сөйтіп, көзі тірі қылқалам шеберлерінің арасында рекордты жаңартты. «Кристис» сауда үйінің бәссаудасы Нью-Йоркте өтті. 1986 жылы болаттан жасалған мүсін үшін сайыс 10 сағаттан астам уақыт жалғасты. Ақырында бірегей туындыны арт-дилер, АҚШ Қаржы министрінің Стивен Мнучиннің әкесі Роберт Мнучин сатып алды.

Айта кетейік, бұған дейін көзі тірі суретшілер арасындағы рекорд Дэвид Хокниге тиесілі болған. Оның «Суретші портреті. Екі фигура мен бассейн» картинасы 1972 жылы 90 миллион 200 мың долларға сатылған.

Хабар 24 телеарнасы