378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде әскери көрме өтіп жатыр

  • 86
  • UPD: 13:54, 17.05.2019

Осы күндері Минскте Еуропадағы ең ірі әскери көрмелердің бірі өтіп жатыр.

«Милекс» деп аталатын осы халықаралық форумның алаңы екі жылда бір рет өз қақпасын ашады. Көрмеге 35 елден 60-ға жуық делегация келген. Арасында қару-жарақ пен әскери техниканы іздеген тұтынушылар және бірлесіп өндірісті дамытуға ниетті инвесторлар да бар.

Көрмеде 10 елдің 160-тан аса жекеменшік және мемлекеттік компаниялары әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынды. Экспозиция 10 шаршы шақырымнан асатын аумақты алып жатыр. 

Бекжан Жылқайдаров, көрмеге қатысушы /Қазақстан/:

- Бұл Қазақстан қорғаныс өнеркәсібінің стенді. Осы салада 30-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қару мен әскери модульдерге арналған күндізгі және түнгі оптика шығарамыз. Сондай-ақ, танктерді жаңғырту бойынша түрлі жобаларымыз бар.

Көрме аясында беларустық қару-жарақ пен әскери техниканы Қазақстан аумағында шығару жөнінде келісім жасалды. Атап айтқанда, радиолокацияға арналған аспаптар мен оптикалық-электронды бұйымдар өндірісі ашылады.

Олег Тупик, көрмеге қатысушы /Беларусь/:

- Мұнда өте қызық үлгілер қойылады. Жалпы көрмені аралап, әлем бойынша әскери саланың қай бағыттарына басымдық беріліп жатқанын білесің. Радиоэлектронды басу құралдары, оптикалық бұйымдар мен атқыштар қаруының заманауи түрлері бар. 

Форумға қатысушылар Қазақстанда шығарылатын бронды техникаға ерекше назар аударып отыр. Оның артықшылығы миналарға қарсы қорғанысы күшейтілген әрі құрышпен қапталған. Осы әскери көліктерді биыл экспортқа шығару жоспары да бар.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы