379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ иммиграциялық реформаның жаңа жоспарын құрды

  • 57
  • UPD: 15:30, 17.05.2019
АҚШ иммиграциялық реформаның жаңа жоспарын құрды

Дональд Трамп иммиграциялық реформаның жаңа жоспарын ұсынды.

Құжатқа сәйкес шетел азаматтарына грин карта беру ережесі өзгертілмек. Дәлірек айтқанда, АҚШ-тың тұрақты тұрғыны болу үшін бірінші кезекте білімді әрі білікті мамандарға мүмкіндік беру керек деген ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Ақ үй басшысы АҚШ азаматтығын алған мигранттардың туғандарына грин карта беруді тоқтату керек дейді. Демократтар болса, Трамптың бұл шешімін қатаң сынға алды. Айтуынша, бұл демократтармен келісіп жасалған шешім болған жоқ. Енді құжат Конгресте мақұлдануы керек.

Хабар 24 телеарнасы