378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада экологиялық жағдайға байланысты сабақтар кейінге қалдырылды

  • 95
  • UPD: 16:18, 17.05.2019
Мексикада экологиялық жағдайға байланысты сабақтар кейінге қалдырылды Gismeteo

Мехико билігі шаһарда ауаның ластануына байланысты студенттер мен мектеп оқушыларының сабағын кейінге қалдырды.

Бұл туралы елдің білім беру министрлігі хабарлайды. Жуырда аймақта экологиялық төтенше жағдай жарияланған болатын. Қоршаған ортаны қорғау комиссиясының мәліметі бойынша, қазір ауаның ластану деңгейінің индексі жоғары көрсеткіштен де асып тұр. Эколог мамандарының айтуынша, бұған аймақтағы орман өрті мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға ашық аспан астында спортпен шұғылданбауға және мүмкіндігінше серуендемеуге кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы