378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты сәулетші Бэй Юймин өмірден өтті

  • 60
  • UPD: 17:21, 17.05.2019
Атақты сәулетші Бэй Юймин өмірден өтті

Нью-Йоркте атақты сәулетші Бэй Юймин 102 жасында дүниеден озды.

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері оның денсаулығы сыр бере бастаған. Бэй Юймин өзінің еңбек жылдарында Притцкеров премиясының лауреаты атанып, американдық сәулетшілер институтының мүшесі  болды. Сонымен қатар британдық сәулетшілер институтының негізін қалады. Дүйім жұрттың көзайымына айналған Париждегі Луврдың әйгілі шыны пирамидасы, Люксембургтегі заманауи өнер мұражайы мен Гонконгтағы Bank of China Tower зәулім ғимараты сияқты атақты туындылар Бэй Юйминнің ерен еңбегінің арқасында бой түзеді.

Хабар 24 телеарнасы