378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір тәулікте мыңға жуық сириялық отанына оралды

  • 78
  • UPD: 22:38, 17.05.2019
Бір тәулікте мыңға жуық сириялық отанына оралды

Өткен тәулікте сириялық 950 босқын еліне қайтып оралды.

Атап айтқанда, 398 адам Ливанмен шекаралас Жейдет-Ябус пен Тел-Қалах бекеттері арқылы, қалған 557-сі Иорданиядағы Нәсіп бекеті арқылы Сирия аумағына өткен. Сондай-ақ босқындарды қабылдау орталығынан хабарлағандай, Сирияның қарулы күштері соңғы тәулік ішінде 2,2 гектар аумақты миналардан тазартты. Сөйтіп мамандар 71 жарылғыш заттың көзін жойған.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдан бері Сирия әскери қақтығыстан көз ашпай келеді. «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» 2017 жылы талқандалды деп жарияланғанымен, қалған содырлардың көзін жою операциясы әлі жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы