378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық полиция 100 млн доллар жымқырған ғаламтор алаяқтарын анықтады

  • 56
  • UPD: 12:21, 18.05.2019
Еуропалық полиция 100 млн доллар жымқырған ғаламтор алаяқтарын анықтады Российская газета

Еуропалық полиция 41 мың ғаламтор қолданушысынан 100 миллион долларды жымқырған қылмыстық топты анықтады.

Интернет алаяқтыққа негізінен Еуропа мен АҚШ тұрғындары тап болған. GozNym атты ұйымдасқан қылмыстық топты анықтауға алты елдің тәртіп сақшылары 2,5 жыл сарп етті. Тергеу амалдарын алдымен ондаған хакерден күдіктенген АҚШ полициясы бастаған. Алаяқтар компьютерлік вирусты қолданып, адамдардың онлайн банкинг жүйесіндегі құпиясөзді жазып алу арқылы ақшаларын қолды қылды. Қаржыны өздері құрған есепшоттарға лезде жіберіп, бірден жұмсаған көрінеді. Полицияның мәліметі бойынша, алаяқтық топ басшысы хакерлерді Тблисиден басқарып отырған. Грузияның бас прокуратурасының хабарлауынша, топ басшысы мен оның көмекшісі тұтқынға алынды. Күдіктілер арасында Ресейдің бес азаматы бар.Оларға халықаралық іздеуде жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы