378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын

  • 83
Венесуэла АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын

Венесуэла АҚШ-ты келіссөзге шақырды.

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір екіжақты мәселені шешудің уақыты келген. Министр сондай-ақ Вашингтонның Венесуэлаға қарсы әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын жеткізді. Айта кетейік, Венесуэла мен АҚШ арасындағы қатынас қаңтар айында ушығып кетті. Оған оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоның елдегі билікті уақытша қолға алатынын айтып, өзін президент деп жариялауы түрткі болды. АҚШ бастаған көптеген ел Гуайдоны Венесула басшысы деп таныды. Осыдан кейін Николас Мадуро Вшингтон елде төңкеріс жасауға талпынып отыр деп АҚШ-пен дипломатиялық байланысты үзген еді.

Хабар 24 телеарнасы