378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шварценеггерге шабуыл жасалды

  • 309
  • UPD: 22:17, 18.05.2019

Атақты актер, бодибилдер Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасалды.

Оқыс оқиға Оңтүстік Африка Республикасында болды. Мұнда актер өзінің дәстүрлі Arnold Classic бодибилдинг байқауын өткізу үшін барған еді.

YouTube арқылы тараған роликте бұзақы Шварценеггердің ту сыртынан барып шабуылдаған. Телефонға сайыс сәттерін түсіріп, қаннен қаперсіз тұрған актерге жүгіріп жеткен біреу секіріп тұрып, арқасынан қос аяқтап тұрып тепті. Бірақ «темір Арни» сәл ғана тәлтіректеп барып, екі аяғында тік тұрып қалды.

Бір сәтке мүлгіген күзет қызметі сайыстың салтанатын бұзған адамды жерге жығып, қолын арқаға қайырды.

Актердің өзіне келер болсақ, ол аман-сау, жарақат алмаған және әзірге денсаулығына шағым да айтпаған екен.

ENCA

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы