383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та болат пен темірге салынған баж салығы алынып тасталды

  • 165
  • UPD: 07:42, 19.05.2019
АҚШ-та болат пен темірге салынған баж салығы алынып тасталды

АҚШ Канададан әкелінетін болат пен алюминийге салықты алып тастау туралы шешім қабылдады.

Оттава да кей америкалық тауарлаға салықты жоятын болды. Сөйтіп екі мемлекет Дүниежүзілік сауда ұйымындағы бұл мәселе бойынша шағымынан бас тарты. Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Канаданың болатына 25 пайыз, ал алюминийге 10 процент баж салығын енгізетінін мәлемдеген. Оттава болса Американың темір өнімдері мен өзге де тауарларға алымды өсіретінін жеткізді. Ал Құрама Штаттар әлемде құрышты ең көп импорттайтын мемлекет болып саналады. Оның 9 пайызы осы көрші Канададан әкелінеді.

Хабар 24 телеарнасы