380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан әлем чемпионаты өтетін жаңа стадион ашылды

  • 199
  • UPD: 07:51, 19.05.2019
Футболдан әлем чемпионаты өтетін жаңа стадион ашылды

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты ойындары өтетін Катарда жаңа 7 стадионның алғашқысы ашылды.

«Әл-Джануб» аренасы 40 мың адамға арналған. Стадионның төбесі араб елдеріндегі Дау деп аталатын қайықтың желкені типтес етіп салынған. Ал Халықаралық футбол федерациясы келесі айда алдағы әлем чемпионатына қатысушылардың санын 32-ден 48-ге арттыру мәселесін талқылайды. Егер ФИФА осындай шешім қабылдап жатса, әлем додасын өткізетін тағы бір елді таңдауға тура келеді. Өйткені Катардың барлық матчты өткізуге мүмкіндігі жоқ. Ал Катардың қазір көрші елдермен қатынасы үзілген. Себебі, Сауд Арабиясы бастаған бірнеше мемлекет Доха лаңкестікті қолдап отыр деп оған бойкот жариялаған.

Хабар 24 телеарнасы