378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия Израильдің зымырандық шабуылына тойтарыс берді

  • 330
  • UPD: 14:12, 19.05.2019
Сирия Израильдің зымырандық шабуылына тойтарыс берді 24tv.ua

Израиль күштері Сирия астанасы Дамаскіні тағы атқылады.

Шабуыл Израильдің жаулап алған Голан жоталары аймағынан жасалды. Сирия әскерилерінің мәлімдеуінше, елдің әуе қорғанысы зымырандарды дарытпай атып түсірген. Шабуылдан жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.

Айта кетейік, Израиль Голан жоталарын 1967 жылы 6 күндік соғыс барысында басып алған. 1981 жылы еврей мемлекетінің парламенті бұл аймақты аннексиялау туралы заң қабылдады. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 497-қарармен оның заңсыз екенін жариялаған. 

Хабар 24 телеарнасы