384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада тағы жанармай тапшылығы орнады

  • 272
  • UPD: 11:21, 19.05.2019
Венесуэлада тағы жанармай тапшылығы орнады

Әлемде ең арзан жанармайы бар елдің бекеттерінде ұзын-сонар кезек. 

Әсіресе жанармай ел астанасы Каракаста қат. Жүргізушілер оны алу үшін кезекте сағаттап тұруға мәжбүр. Тығырықтан шығу үшін 6 миллион тұрғыны бар шаһарға шикізат өзге аймақтардан тасымалдануда. Ал сарапшылардың айтуынша, дағдарысқа мемлекетте мұнай саласына инвестицияның азаюы себеп. Салдарынан оны өңдейтін зауыттарға шикізат жетіспей, Венесуэла жанармайды шетелден импорттауға мәжбүр. Қара алтынның басым бөлігі АҚШ-тан әкелінеді. Бірақ соңғы уақытта санкцияларға байланысты оның да көлемі азайған.

Хосе Пасера, жүргізуші:

- Мен мұнда таңғы сағат 4-тен тұрмын. Қазір сағат 10. Ал жанармай әлі жоқ. Қызымды мектепке апарайын деп едім, енді не істейтінімді білмеймін.

Хабар 24 телеарнасы