383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда донорларға құрмет көрсетілді

  • 60
  • UPD: 11:27, 19.05.2019
Бразилияда донорларға құрмет көрсетілді

Рио-Де-Жанейро штатындағы Сан-Гонсало қаласының ауруханасы ерекше бір жобаны жүзеге асырды.

Енді ажалынан кейін ағзасын өзге науқастарға алмастыруға рұқсат берген адамдарды осында еске алуға болады. Мұнда олардың құрметіне ақжұпар гүлдері егілген. Аурухана әкімшілігі бұл жобаны негізінен ағартушылық сипатта дамытып отыр. Аурухана аумағында бақ ашуға рұқсат алу үшін бірнеше жыл кетті. Қала мэриясына аурухана қызметкерлері мен қарапайым тұрғындардан көптеген хат түскеннен кейін, бұл мәселе шешімін тапқан

Мириан Масиел Гомес, дәрігер: 

- Аурухана психологы 2014 жылы осындай бақ салуды ұсынған болатын. Басшылығымыз бен донорлардың туыстары осы бастамаға бірден қолдауын білдірген. Бірақ оны тек қазір ғана жүзеге асыра алдық.

Хабар 24 телеарнасы