383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилидегі хайуанаттар бағында керік төлдеді

  • 59
Чилидегі хайуанаттар бағында керік төлдеді

Сантьяго хайуанаттар паркі шаһар тұрғындарына керіктің төлін көрсетті.

Хема есімді кіші керік сәуірдің 12-сі күні дүниеге келген. Қазір оның бойы 1 метр 70 сантиметр, ал салмағы 120 келі. Саябаққа келушілер керік төлін тұңғыш рет көріп тұрғандарын айтады. Жалпы, керіктер әлемдегі ең биік жануар болып саналады. Олардың еркегі 5 жарым метрге дейін өсіп, салмағы 1 тоннаға дейін жетеді. 2016 жылы дүниежүзінде 100 мың керік тіркелген. Қазір бұл аң Қызыл кітапқа енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы